Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 15 желтоқсан күні ресми сапармен Біріккен Араб әмірліктеріне келді, деп хабарлайды президент баспасөзінің ресми Telegram-арнасы.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.
Президент "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005418-memleket-bassysy-resmi-saparmen-birikken-arab-amirlikterine-keldi/