Ұлытау облысы Сәтбаев қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:
Ұлытау облысы Сәтпаев қаласының әкімі болып Шапағат Әубәкір тағайындалды. Ол 2021 жылдың қазан айынан бастап қазірге дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды облыс әкімдігі Telegram арнасында.
Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, Шапағат Әубәкір Сәтпаев қаласының әкімі қызметіне президент әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалған.
Әкімдік мәліметінше, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, Шапағат Әубәкірдің кандидатурасын келісуге ұсынған. Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары оны қолдап, өңір басшысы жаңа әкімді қала активіне таныстырған.
- Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған.
- 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
- "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімінің" басшысы лауазымдарын атқарды.
- 2021 жылдың қазан айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006047-ulytau-oblysy-satbaev-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/