Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтетін болды
Жарияланған күні:
2023 жылдың 19 наурызында мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында қаулы жобасы қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды және бұл сайлау мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Осылайша, Қазақстан президентінің жарлықтарына сәйкес, бүгінгі күннен бастап парламент мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны басталды. Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депуттаттарын сайлау науқаны ел президентінің 2022 жылы қыркүйекте Қазақстан халқына ұсынған Жолдауындағы сайлау науқандарының кестесіне сәйкес бастау алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күнді белгілеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006129-mazilis-pen-maslixat-deputattaryn-sailau-bir-kunde-otetin-boldy/