Тоқаев Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев және тағы үш тұлғаны сенат депутаты етіп тағайындады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен парламент сенатының депутаттары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес президент жарлығымен парламент сенатының депутаттары болып:
- Жақып Қажманұлы Асанов;
- Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
- Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
- Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
- Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сенатқа 5 депутат тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006598-memleket-bassysynyn-zarlygymen-parlament-senatynyn-deputattary-tagaiyndaldy/