Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сенатқа 5 депутат тағайындалды
Жарияланған күні:
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сенатқа 5 депутат тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, президент жарлығымен парламент сенатының депутаттары болып:
- Евгений Андреевич Больгерт;
- Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
- Нурия Исмагиловна Ниязова;
- Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
- Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев және тағы үш тұлғаны сенат депутаты етіп тағайындаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006609-qazaqstan-xalqy-assambleyasy-atynan-senatqa-5-deputat-tagaiyndaldy/