Таяуда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен алғаш рет Қазақстанға сапармен келеді
Жарияланған күні:
2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Энтони Блинкен Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, еліміздің премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Сонымен қатар СІМ 28 ақпанда Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысының және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтетінін атап өтті.
Күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамыту мәселелері қаралмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010679-tayauda-aqs-memlekettik-xatsysy-entoni-blinken-algas-ret-qazaqstanga-saparmen-keledi/