18-күн: Respublica партиясы сайлауалды турының нәтижесін жария етті
Жарияланған күні:
Сайлауалды науқан жақын арада мәресіне жетеді. Бүгін үгіт-насихат жұмыстарының 18-күні - барлық саяси партия мен кандидаттардың іс-шараларының ең қарбалас шағы болып жатыр. Respublica-лықтар бүгінге дейін не істеді?
18 ақпан күні сағат 18.00-де Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда орталық және өңірлік штабтар ашылды. Сайлауалды бағдарламамызбен танысуға немесе қызықтырған сұрақтарына жауап алуға ниет білдірген қазақстандықтарға кез келген уақытта мүмкіндік жасалды. Мыңдаған белсенді мен партия мүшелері өзінің идеясы мен мақсаттарын белсенді түрде насихаттай бастады. Алғашқы жарнамалық материалдар БАҚ-та жарияланып, үгіт-насихат плакаттары ілінді, оған партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров пен оның басқа да көшбасшылары қатысты.
Келесі күні бүкіл ел бойынша ауқымды сайлау туры басталды. Өңірлерді аралауға Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттар шықты.
Осы кезеңде Respublica партиясының мүшелері ReBus фирмалық автобусымен Қазақстан бойынша 20 000 шақырымнан астам жолды жүріп өтті. Олар Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Көкшетау, Павлодар қалаларында, сондай-ақ ауылдық жерлердегі бірқатар елді мекендерде болды. Қазіргі уақытта партиялықтар Павлодарда, ал ертең Екібастұзда бірнеше іс-шара өткізеді. Осылайша, біз елдің 15 аймағын аралап үлгердік және үгіт-насихат науқанының соңына дейін барлығын қамтуды жоспарлап отырмыз.
Айта кетейік, Respublica-лықтар науқан аясында сайлауалды бағдарламасын таныстыруды ғана көздемейді. Негізгі міндет - әр аймақ пен қаланың проблемаларын жан-жақты талдау. Сайлауалды дода аяқталған кезде қазақстандықтарға азаматтардың өмірін жақсартуға ықпал ететін мүмкіндіктер мен механизмдер тетігін ұсыну.
Бүгінгі таңда бүкіл ел аумағында үгіт-насихат кезеңі аясында және өңірлік штабтар мен кандидаттардың ұйымдастыруымен халықпен 5000-нан астам кездесу өтті. Кездесулер әртүрлі санаттағы азаматтармен, соның ішінде кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, ШОБ өкілдерімен, бейінді қауымдастықтармен, спортшылармен, ғылыми қоғам және жастармен ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, партия мүшелерінің орташа жасы – 37. Бұл жас аудиторияны қызықтыратын факторлардың бірі екені анық: оның үстіне барлық іс-шараға қатысушылардың 70 пайызын жастар құрайды. Сонымен қатар партия барлық тілек білдірушімен кездесуге ашық.
1 наурызда Qazaqstan ұлттық телеарнасында партияның тең төрағасы Сырымбек Тау қатысқан алғашқы сайлауалды пікірталас өтті. Дебаттың қорытындысы бойынша Respublica телекөрермендердің 14,8 пайыз дауысын алып, рейтингтің екінші позициясын иеленді.
Сондай-ақ партия барлық қолжетімді құрал мен байланыс арнасы арқылы ақпараттық жұмыстарды жүргізуге барын салуда. Олардың қатарында теледидар, радио, сыртқы жарнама, ақпараттық порталдар, баспа өнімдерін тарату және әлеуметтік желілер бар. Сонымен бірге партияның жеке байланыс орталығы қызмет етеді, чат-бот жұмыс істейді.
Партияның бағалауына сәйкес атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша жалпы қамту 1 500 000 адамнан асты. Бұл көрсеткішке халықпен кездесулер мен ақпараттық жұмыстар да кіреді. Нақты нәтиже партияға кіруге өтініш бергендердің санымен өлшенеді: соңғы жаңартылған мәліметтерге сәйкес, олардың қатары 160 000-нан асты.
Тағы да айта кетейік, Respublica партиясының миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға және біріктіруге арналған саяси күш қалыптастыру. Партия бағдарламасы қазақстандықтардың өмірінің түрлі салаларындағы құрылымдық өзгерістерге бағытталған. Бірақ бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдауға баса назар аударылады. Партия қоғамның орта табының негізін құрайтын ШОБ-ты дамытуды көздейді.
Өндіруші: Республикалық штаб Астана қаласы, Қонаев 23
Тапсырыс беруші: Құспеков О.Х.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы "Respublica партиясы" ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.
*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2012083-18-kun-respublica-partiyasy-sailaualdy-turynyn-natizesin-zariya-etti/