Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мемлекет бір ай премьерсіз отыра алмайды": Ерлан Қошанов жаңа үкімет басшысы қашан тағайындалуы мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Ерлан Қошанов
Ерлан Қошанов. Видеодан кадр: @mazhilis_kz

Мәжіліс кулуарында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясы жаңа үкімет басшысының кандидатурасын қашан ұсынады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Қошанов премьер-министрдің кандидатурасы жақын арада ұсынылатынын айтты.

"Жақын күндері ұсынамыз. Ертең, бәлкім арғы күні де болуы мүмкін. Біз қазір осыны пысықтап жатырмыз. Менің ойымша, президентпен кездесуде ұсынып, жалпы отырыста келісімімізді береміз", - дейді ол.

Сондай-ақ мәжіліс спикері министрлер кабинетінің басшысы нақты мына адам болады деп айта алмайтынын, бұл орынсыз екенін жеткізді.

"Премьер-министр мына адам немесе басқа адам болады деп айту - үлкен жауапкершілік. Жекелеген депутаттар немесе мен спикер ретінде айта алмаймын. Бұны фракция отырысында талқылап, шешім қабылдауымыз керек. Қайталап айтам, ертең немесе арғы күні, жақын арада біз кандидатураны ұсынамыз. Өйткені, мемлекет бір ай немесе одан да көп уақыт премьер-министрсіз отыра алмайды", - дейді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент жарлығына сәйкес, жаңа құрам бекітілгенге дейін үкімет өз міндеттерін атқаратын болады.

Сондай-ақ мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы ұсынатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014580-memleket-bir-ai-premersiz-otyra-almaidy-erlan-qosanov-zana-ukimet-bassysy-qasan-tagaiyndaluy-mumkin-ekenin-aitty/