Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Мұрат Нұртілеу еліміздің премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жылы – Қазақстан Республикасының парламенті сенатының аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты аппаратының басшысы.
2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары.
2022 жылғы қаңтардан ақпанға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 1 ақпаннан 2022 жылғы 26 қарашаға дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды.
2022 жылғы 26 қарашада мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015159-murat-nurtileu-elimizdin-premer-ministrinin-orynbasary-syrtqy-ister-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде