Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қайта басқарады

Жарияланған күні:

Дархан Қыдырәлі
Дархан Қыдырәлі. Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты

Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды. деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

Дархан Қыдырәлі еңбек жолын 2000 жылы Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. Аталған университетте жетекші ғылыми қызметкер, аппарат басшысы, тарих кафедрасының меңгерушісі болып еңбек еткен.

2005-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер болып қызмет еткен.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет орталығы директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2007 жылы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған.

2008-2012 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде сарапшы, Президенттің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалған.

2016 жылдың шілдесінен бастап 2022 жылға дейін "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015382-darxan-quandyquly-qydyrali-aqparat-zane-qogamdyq-damu-ministri-bolyp-qaita-tagaiyndaldy/