Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы әкіміне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Жарияланған күні:

Президент Алматы әкімін қабылдады
Президенттің қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, оған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

Ерболат Досаев президентке шаһардың биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөнінде баяндады.

Атап айтқанда:

  • қысқамерзімді экономикалық индикатор іскерлік белсенділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеген, ал іскерлік белсенділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шыққан;
  • биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланған;
  • факторингтік келісімдерді қаржыландыру үшін қосымша 4 миллиард теңге бөлінген;
  • өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету үшін 5 шағын өнеркәсіп паркі ашылған;
  • газбен жүретін 600 жаңа автобус және 100 троллейбус сатып алу үшін 66 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр;
  • жеке тасымалдаушылар 650 жаңа автобус пен 31 электробус сатып алады;
  • 1 сәуірден бастап қалалық әкімдіктің 15 функциясы аудандық әкімдіктерге беріліп, олардың бюджеті 2,7 есе, яғни 161,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімге инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2017110-toqaev-almaty-akimine-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tulik-bagasyn-turaqtandyrudy-tapsyrdy/