Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау әкімі қанша жалақы алатынын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи. Скриншот: Youtube / @obozhau

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи журналист Асхат Ниязовпен сұхбаты кезінде жалақысының мөлшерін айтып, жеке көлігінің бар-жоғына жауап берді. Сұхбат журналистің YouTube арнасында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім журналистпен сұхбатында қазіргі жалақысының қанша екенін айтты.

"840, 850 мың теңге шамасында. Екі рет төлейді. Шамамен 300 мыңы алдын ала, кейін қалған 500 мыңы төленеді. Жүйе сондай. Ал оған дейін "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған едім. Онда шамамен 350 мың теңге жалақы алатынмын", - деді Мейірім Қалауи.

Сондай-ақ Атырау әкімінің айтуынша, оның тек қызметтік көлігі бар, ал жеке көлігі жоқ.

Сонымен қатар Асхат Ниязов шенеунікте әуежайдың ұшып-қону жолағының маңында жері бар деген ақпаратқа пікір білдіруін сұрады.

"Бұл 2011 жылы болған, ол кезде мемлекеттік қызметте емес едім. Ол уақытта мен мемлекеттен қызмет алушы ретінде әрекет еткен болатынмын. Мен өтініш бердім. Ал жер кезек бойынша берілді. Ол кезде мен телевидениеде журналист болып жұмыс істейтінмін. Осылайша, заңды негізде жер алдым. Сосын бізге бұл жерлер әкімдік тарапынан берілген. Қазір сол жерде үй салынған. Ата-анама бердім, солар тұрады. Қалада пәтерім бар. Мен оны 2 жыл бұрын жапқан ипотекаға алдым", - деп жауап берді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018293-atyrau-akimi-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty-video/