Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында қанша адамның жобасы қаржыландырылады

Жарияланған күні:

«Ауыл аманаты» жобасы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Биыл Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 600 жобаға несие беру жоспарлануда.

Аймақта ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және ауылдағы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған 2,5 пайызбен несие беретін «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды. Аталған жобаның облыста жүзеге асуына биыл 3 млрд теңге қаржы бөлінді.

Бүгінде қаржыландыру бағыттары анықталып, барлық ауылдық елді мекенде халық арасында түсіндіру жұмыстары қарқын алуда. Жалпы бағдарлама 5 бағыт бойынша қаржыландырылады. Оның ішінде, өңдеу, егін, кооперативтерді жабдықтау, мал және басқа да бағыттағы бизнес жобалар.

«Ауыл аманаты жобасы аясында ауылдық округтер бойынша 636 жаңа жұмыс орны ашылады. 3580 бас мал сатып алып, сүт және ет өндірісін 3 пайызға арттыру көзделуде. Сондай-ақ жұмыссыздар санын 35 пайызға дейін азайту және ауыл халқының орташа табысын 15-20 мың теңгеге арттыру көзделуде. Бұдан бөлек, жоба бойынша 28 кооператив құрылып, 20 дана ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарлануда», –деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Қазіргі таңда, сенім білдірген өкілді анықтау мақсатында конкурс қайта жарияланып, 10 мамыр күні анықталатын болады.

Микрокредиттер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы - ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейінгі соманы құрайды. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8 мың АЕК. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды.

Сондай-ақ несие алушыларға бірқатар талаптар қойылады. Несие алушыны жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс. Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы, мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы, несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.

Айта кететін жайт, микрокредиттер ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жүзеге асырылатын жобаларға қарастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018295-qyzylorda-oblysynda-auyl-amanaty-zobasy-ayasynda-qansa-adamnyn-zobasy-qarzylandyrylady/