Балқаш қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:
Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Балқаш қаласының әкімі лаузымына Сапар Сатаев тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайтында.
Әкімдіктің мәліметінше, Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. "Қазақавтожол" РМК-да жұмыс істеді, "Ботақара су қожалығы" КМҚК директорының орынбасары, директордың м. а. болды.
2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылын басқарды.
2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды. Содан кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Приозерск қаласының әкімі болды.
Бұған дейін Балқашты басқарған Қайрат Қамзин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020003-balqas-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/