Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін Үйсімбаев: Биыл Жамбыл облысында мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа 1 млрд теңге бөлінген

Жарияланған күні:

Еркін Үйсімбаев
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 148 жобаға 1 162,4 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа 1 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

"Өңірде жыл басынан бері 4 500-ге жуық қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 148 жобаға 1 162,4 млн теңге қаржы бөлінген. Ақпараттық салада 41 тақырыптық бағыттан тұратын медиа-жоспар бекітілсе, биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа 1 млрд теңге қаржы қаралды. Ал 2023 жылы МӘТ аясында 142 жобаға 1 162,4 млн теңге қаржы жоспарланып отыр", - дейді Еркін Үйсімбаев.

"Жамбыл облысында 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Облыстағы 371 елді мекеннің 32-де этностар тығыз орналасқан. Облыс әкімінің (2023 жылғы 4 сәуірдегі №35) өкіміне сәйкес, "Бейбітшілік пен келісім" жобасы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Т. Рысқұлов, Мойынқұм, Шу, Қордай аудандарында болып, жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, "Этносаралық және конфессияаралық келісім" (І топ), "Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту" (ІІ топ) және "Құқық қорғау" (ІІІ топ) жұмысшы топтары өз салалары бойынша 257 іс-шара (1-топ 134 іс-шара, ІІ-топ 122 іс-шара) ұйымдастырды. Шараларға 10 684 адам қамтылды (1- топ – 4 658 адам, 2-топ – 5 654 адам). Оның ішінде этностар тығыз шоғырланған және түйіткілді мәселелері бар елді мекендердің тұрғындарының проблемаларын нақты шешу бойынша 156 кездесу, 53 қоғамдық қабылдау, 9 семинар-тренинг, 14 ақпараттық-түсіндіру, 6 – зерттеу, 11 – мәдени іс-шара жүргізілді",- деді Еркін Құлынбайұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары ҮЕҰ-ның қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыратын құралдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету жобалары екенін атап өтті.

"Жоспарланған қаржы көлемінің 78% астамы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдер, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бөлінген",-деді Еркін Үйсімбаев.

Жамбыл облысында мемлекеттік тілдің қолдану аясы да кеңейген.

"Облыста мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 92,6%. Жастардың 77% қазақ тілінде білім алуда. Мемлекеттік мекемелерде құжат айналымы 100% мемлекеттік тілде. 2022 жылы мемлекеттік тілді оқу курстарымен 3547 адам қамтылса, оның 91% өзге этнос (3229) өкілдері. Жалпы, үш тіл (қазақ, орыс, ағылшын) бойынша өткен жылы барлығы 4 675 тыңдаушы тегін оқу курстарымен қамтылды (орыс тілін оқу — 179, ағылшын тілін — 949 адам). Бүгінгі күні үш тілде 2618 тыңдаушы (орыс тілін оқу — 123, ағылшын тілін — 367 адам) оқытылуда. Тіл үйренушілерге тілдік орта қалыптастыру мақсатында SŐİLE клубы жұмыс істейді. Бұдан басқа әлеуметтік желіде 5 жоба – Tarazlatyn, Сауаттылық Time, "Мен қазақша сөйлеймін", Termindi Bil және Til Bailyq жобалары жүзеге асырылуда. Өңірде мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту бағытында жыл басынан 79 іс-шара ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адам қамтылды. Қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік тілде қызмет көрсету сапасын арттыру басты назарда", - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Баспасөз жиынының соңында Еркін Құлынбайұлына БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, кейбір мәселелер алдағы уақытта назарға алынатындығы алға тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021754-erkin-uisimbaev-biyl-zambyl-oblysynda-memlekettik-aqparattyq-tapsyrysqa-1-mlrd-tenge-bolingen/