Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды (видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021929-toqaev-maskeuge-bardy-video/