Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі форумда сөз сөйледі

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қол алысуда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы сұрағыңыздың екінші бөлігіне тоқталып өтейін. Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек.

Мұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мығым болса, соғұрлым мықты әрі ұзаққа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді.

Яғни, "төрт еркіндік" және инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізу, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент экономикалық интеграция туралы айтты.

"Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды.

Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады.

Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021940-qasym-zomart-toqaev-maskeudegi-forumda-soz-soiledi/