Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Жарияланған күні:

Президенттің қабылдауы
Президенттің қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Артур Ластаев президентке биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады.

Артур Ластаевтың баяндамасынан:

  • Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.
  • Жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарған.
  • Балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін ерекше назарда ұстайды. Атап айтқанда, Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған.
  • Азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023634-toqaev-adam-quqyqtary-zonindegi-uakil-artur-lastaevty-qabyldady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif