Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды
Жарияланған күні:
Юрий Викторович Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Юрий Ильин бұл қызметті 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарды. Өткен жылдың қаңтары мен 2023 жылғы сәуірде Төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024207-yurii-ilin-totense-zagdailar-ministri-lauazymynan-bosatyldy/