Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев Астана әкіміне бірқатар тапсырма берді

Жарияланған күні:

Жеңіс Қасымбек президент қабылдауында
Жеңіс Қасымбек президент қабылдауында. Фото: aqorda.kz

Президент Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Ол мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Әкімдіктің мәліметі бойынша елордаға биылғы 5 айда тартылған инвестиция көлемі 425 миллиард теңгеден асып, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсім 20 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ 2023 жылы 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл 87 миллиард теңге көлемінде қаржы тартуға және 1,8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елорда әкімі президентке тұрғын үй алаптарын дамыту, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу, әлеуметтік нысандар салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыс орындарын ашу және қаланы абаттандыру мәселелері жөнінде есеп берген.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтер және 16 үлескерлік құрылыс нысанын салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысы аяқталып, қаланың қоғамдық көлік бағдарлары бойынша 400 жаңа автобус пайдалануға беріледі.

Астана әкімі мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылысының барысы туралы да мәлімет берген.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, мысалы, ССС-3 станциясы пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты тәулігіне 100 мың текше метр су жеткізуге жетеді. ССС-3 станциясының бірінші кезеңін маусым айының соңында, екінші кезеңін биыл тамызда іске қосу жоспарланып отыр. Бұған дейін Астана су қоймасынан су құбырын тарту жұмыстары басталған болатын.

Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Биыл 150-ден астам аула мен қоғамдық орындарды абаттандыру жоспарланған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекке Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024929-zenis-qasymbek-toqaevqa-auyzsu-stanciyasynyn-qurylysy-qalai-zurip-zatqanyn-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif