Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қаныш Төлеушин Цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Қаныш Төлеушин
Қаныш Төлеушин. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Қаныш Аманбайұлы Төлеушин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаныш Төлеушин 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оксфорд Брукс университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.

2004-2005 жылдары – "Темірбанк" АҚ филиалының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің маманы, бөлім меңгерушісі.

2006-2007 жылдары – "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Сауда-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы.

2007-2008 жылдары – Индустрия және сауда министрлігі Индустриалық-инновациялық саясат департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары.

2011-2013 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2013-2016 жылдары – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024954-qanys-toleusin-cifrlyq-damu-innovaciyalar-zane-aerogarys-onerkasibi-birinsi-vice-ministri-boldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif