Ертең парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Жарияланған күні:
Бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды мәжіліс ресми интернет-ресурсында.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58 бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген бұйрық мәтінінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025355-erten-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysy-otedi/