Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірнеше қаласында полиция басқармасының басшылары ауысты

Жарияланған күні:

Читать на русском
ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі
ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ

Еліміздің бірнеше қаласында полиция басқармасының басшылары ауысты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бүгінгі брифингінде айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифинг кезіндегі мәлімет бойынша министрдің бұйрығымен Қанат Ерәліұлы Сматов Тараз қалалық Ішкі істер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.

Ардақ Тілегенұлы Мадимаров Жамбыл облысы ПД аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Ол осыған дейін облыстық департаменттің криминалды полиция басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Асқар Қоңырұлы Абдрахманов Орал қалалық Ішкі істер басқармасынң бастығы болды. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Болат Сапарғалиұлы Иманов Қостанай қаласының ПБ басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Рудный қалалық полициясын басқарған.

Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған Аманжол Мәмбетұлы Байзақов Рудный қаласының Полиция басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.

Арқалық қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы болып Баймурзин Орал Тұмырзаұлы тағайындалды. Бұған дейін ол Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025397-qazaqstannyn-birnese-qalasynda-policiya-basqarmasynyn-bassylary-auysty/