Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазадан қашпаймын": Экология министрі Абай облысындағы орман өртіне қатысты алғаш рет сұхбат берді

Жарияланған күні:

Зүлфия Сүлейменова
Зүлфия Сүлейменова. Фото: t.me/mazhilis_kz

Абай облысындағы қайғылы жағдайдан кейін экология министрі журналистер алдына шықты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жұрт жағдайдан жалпылама хабардар болғанымен, Зүлфия Сүлейменованың өз аузымен жауап беруге тиісті жайттар жоқ емес. Мәселен, 8 маусым күні Семейде өрт басталғанда министрдің Астанадағы халықаралық форумда жүргені белгілі. Өрттің басталғанын ести сала, Абай облысына көлікпен шықтым деген Сүлейменова оқиға орнына екі тәуліктен кейін бір-ақ жеткен.

"Өрт аумағы ол кезде шамамен 45 мың гектар болған. Өздеріңіз білесіздер, рейстің болмауына байланысты, Абай облысына көлікпен шығып кеттік. Сенбі күні кешке мен оқиға орында болдым. Желдің күшеюіне байланысты өрт аумағы көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіді. Дегенмен мен жеткенше ол жерде барлық құзырлы органдардың өкілдері болды", - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.

Алапат орман өртінен кейін экология министрінің тәжірибесіздігін сынға алып, отставкаға кетуін талап еткендер болды. Зүлфия Сүлейменова отставкаға кетуге дайынмын деп кесіп айтпағанымен, Бас прокуратура жұмысымнан кінарат тапса, жауапкершілік арқалаудан қашпаймын дегенге келтірді.

"Қазір Бас прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Егер жұмысыма қатысты сауалдар туындайтын болса, онда оған жауапкершілікке тартылуға әзірміз. Мен жазадан қашпаймын", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025486-zazadan-qaspaimyn-ekologiya-ministri-abai-oblysyndagy-orman-ortine-qatysty-algas-ret-suxbat-berdi/