Қазақстандық саясаттанушылар Ресейдегі жағдайға қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесей билігі "Вагнер" ЖӘК-ның қарулы көтеріліс жасау әрекеті туралы хабарлады. Соған байланысты бүгін Владимир Путин ресейліктерге үндеу тастады. Қазақстандық саясаттанушылар көрші елдегі жағдай туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев Facebook-тегі парақшасында мұндай жағдай Ресей билігінің ел ішіндегі беделіне нұқсан келтіретінін мәлімдеді.
"Ал бұл жерде Пригожиннің әскери көтерілісі қанша уақытқа созылатыны маңызды емес. Оны жақын арада басып тастауы мүмкін. Тіпті Путиннің айналасындағы сенетін жасырын жақтастары арасында тазарту басталуы мүмкін.
Ең бастысы, бұл демарш Ресейдегі Ресей билігінің беделіне нұқсан келтірді. Мұнда соғысты әлі қолдап отырғандар бар. Бұл Путиннің имиджіне оны әлі күнге дейін "ұлы" стратег ретінде қарайтындарға соққы болды. Бірақ енді ол өз айналасындағы адамдарды да басқара алмайтыны белгілі болды", - деп жазды Сәтпаев.
Саясаттанушы Путиннің "төңірегіндегілердің бір бөлігі қазірдің өзінде билік үшін күресте қару алып жатса", ол кеткеннен кейін Ресейдің жағдайы не болатыны туралы мәселені көтерді.
"Қазақстан солтүстіктегі көршімен алдағы уақытта жағдай қалай дамыса да, кез келген сценарийге қазірден дайындалуы керек", - деп қосты саясаттанушы.
Сонымен қатар белгілі қазақстандық заңгер әрі блогер Ержан Есімханов өзінің Telegram-дағы арнасында Пригожиннің бүлік шығаруын өте заңды деп санайтынын мәлімдеді.
"Біріншіден, бұрынғы қылмыскер адамды аласыз. Оған моральдық қағидалар жүктелмегені анық. Бірақ батыл және жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар...
Кейін екінші маңызды ереже сот төрелігі монополиясын бұзасыз. Ресми түрде елде параллель сот төрелігі жүйесі бойынша қару алып, жеке әскерде соғысуға келісетін кез келген қылмыскер бостандыққа шыға алады",- деді Есімханов.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Telegram-дағы арнасында осы жайтқа қатысты бір пікір білдірді.
"Жағдайдың дамуы Қазақстанның тактикалық, стратегиялық және тарихи тұрғыдан қаншалықты дұрыс позиция ұстанатынын дәлелдейді. Жан-жағың сұрапыл кезде өзіңді сақтау керек", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026213-qazaqstandyq-sayasattanusylar-reseidegi-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/