Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент депутаттары каникулға шықты

Жарияланған күні:

Үстел үстіндегі ноутбуктер
Ноутбук. Көрнекі фото: Рexels.com

Парламент депутаттары каникулға шықты. Сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясының жұмысы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Отырыс барысында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірінші сессияның жұмысын қорытындылады.

"Құрметті әріптестер! Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды.

Сессияның ашылуында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды.

Бұл сессия барысында палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды.

Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға президент қол қойды", - дейді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар мәжіліс төрағасы депутаттарға, премьер-иинистрге, үкімет мүшелеріне, сондай-ақ басқа да әріптестеріне бірлесе атқарған жұмыс үшін алғыс айтты.

"Сондай-ақ жұмысты кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны үшін екі палата аппараттарының қызметкерлеріне де депутаттық корпус атынан рахмет айтқым келеді. Заң шығару процесіне немқұрайлы қарамайтын қоғам белсенділеріне және жалпы сарапшылар қоғамдастығына ризашылығымды білдіргім келеді.

Сонымен қатар жұмысымызды жоғары деңгейде жариялап жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне де алғыс айтамыз. Сөзімді қорытындылай келе, ел игілігі жолындағы жауапты істе баршаңызға табыс тілеймін!", - дейді ол.

Айта кетейік, парламент депутаттары 1 қыркүйекке дейін каникулда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026895-deputattar-kanikulga-syqty/