Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкінішке қарай, полицияның келбеті дәл сондай деп айта алмаймыз": Тоқаев тәртіп сақшыларының беделі туралы айтты

Жарияланған күні:

полиция қызметкері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде полиция қызметкерлерінің имиджіне тоқталды. Президент тәртіп бұзушы мен полиция арасындағы қарым-қатынас заң аясында құрылуы қажет екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі әрбір тәртіп сақшысы адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейтінін жете түсінуге тиіс.

"Полиция қызметкері заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек. Ал тәртіп бұзушылармен заң аясында сөйлесу қажет. Адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейді. Әрбір тәртіп сақшысы мұны жете түсінуге тиіс.

Күнделікті жұмыста осы талаптар сақталса, азаматтардың полицияға деген сенімі артады. Әрине, қоғам тарапынан да құрмет болуы керек. Халықтың түсінігінде полиция азаматтарды қорғаушы, қолдаушы, қылмыстың алдын алушы, заңның орындалуын қадағалаушы болуға тиіс.

Өкінішке қарай, қазір ел арасында полицияның келбеті, беделі дәл сондай деп айта алмаймыз. Тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбау, оған қоқан-лоқы көрсету, тіпті, күш қолдану дұрыс емес. Осындай әрекеттерді доғару керек. Мұндай жағдайда бұзақылар жауапсыз қалмауы қажет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026948-policiyanyn-kelbeti-dal-sondai-dep-aita-almaimyz-toqaev-tartip-saqsylarynyn-bedeli-turaly-aitty/