Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы Серебрянск қаласының тарихында алғаш рет әйел адам әкім болып сайланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұргүл Бақынова
Нұргүл Бақынова. Фото: yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласы әкімінің сайлауы өтті. Нәтижесінде облыстағы моноқала тарихында алғаш рет әйел адам әкім болып сайланды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылым мәліметінше, Серебрянск қаласының әкімі болып бұған дейін Парыгин ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Нұргүл Бақынова сайланды.

Нұргүл Асанқызы 1977 жылы Абай облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2020 жылға дейін педагогикалық салада еңбек еткен.

20 жылға жуық еңбек өтілінде Шығыс Қазақстандағы мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақ берген. Негізгі мамандығы бойынша соңғы жұмыс орны - Полянское ауылындағы орта мектеп. Ол жерде Нұргүл Асанқызы мектеп директоры қызметін атқарған.

2020 жылдың маусым айында Парыгин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған. Биыл Серебрянск қаласының басшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсынған.

Басылым хабарлауынша, Серебрянск қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 5426 адам кірген. Оның 3443-і дауыс берген. Дауыстың басым бөлігі Нұргүл Бақыноваға берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027328-sqo-da-qala-akimi-bolyp-algas-ret-aiel-adam-sailandy/