Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kazakhmys Smelting металлургтері ғылыми-техникалық конференция өткізді

Жарияланған күні:

Kazakhmys Smelting металлургтері
Фото: Kazakhmys Holding

Ұлытау облысы орталығында «Kazakhmys Smelting» ЖШС бастамасымен «Жезқазған өңіріндегі құрамында мыс бар кендердегі көміртегі құрамын ұлғайту және олардың ЖБФ концентраттарының сапасына әсері. Балқыту пештерінде қайта өңдеу үшін шешімдер нұсқалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті.

Дөңгелек үстел форматында өткен конференцияның негізгі мақсаты – Жезқазған мыс балқыту зауытының ғылыми және конструктивті әзірлемелерін, концентраттағы көміртегі құрамын төмендетуге арналған шешімдерді тиімді қолдану. Сонымен қатар, Балқаш мыс балқыту зауытының кен-термиялық пешін және Балқаш мыс балқыту зауытының көміртегі мөлшері жоғары мыс концентратын қайта өңдеуге бейімдеу.

Жәнібек Байгабелов
Фото: Kazakhmys Holding

Мысты қайта өңдеу – басқа металл өндіру және байыту процестері сияқты тұрақты емес. Уақыт өте келе біздің кеніштердің геологиясы, қазбалардың химиялық құрамы өзгеріп отырады. Бұл оларды өңдеу тәсілдеріне әсер етеді. Соңғы екі жылда Жезқазған өңірінің кеніштерінде көміртегі мөлшерінің өсуі байқалады, нәтижесінде мыс концентраттарын өңдеудің күрделілігіне алып келеді.

Ғылыми-техникалық конференция
Фото: Kazakhmys Holding

Жәнібек Байгабелов, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры:

«Кейінгі 2 жарым жылда мыс өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіш жақсы. Түрлі тәсілдер қолданысқа енген. Орташа көрсеткіш өткен жылдың жартыжылдығынан жоғары. Егер 2020 жылдың орташа көрсеткіштерін алсақ, 0,86 пайызды құрайды. 2021 жылы 1,19-дан 1,43-ке дейін жоғарылады».

Жәнібек Байгабелов
Фото: Kazakhmys Holding

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін конференцияға келесі компаниялар шақырылды: МИСиС университеті Мәскеу қ., "Металлургия және байыту институты" Алматы қ., Satbayev University, Metso, "Стальпроект институты" Мәскеу қ., "НОРД Инжиниринг" Мәскеу қ., "ИМГ-Инжиниринг" Мәскеу қ., "ҚазГидроМедь", Магнезит тобы және "Central Asia Company". Олар тақырып аясында кең мазмұнда баяндама жасап, кейінгі жылдары жүргізген зерттеулеріне тоқталды. Алыс-жақыннан келген сала майталмандары мыс балқыту ісіндегі кейінгі жаңалықтардан кеңірек ақпарат берді.

Ғылыми-техникалық конференция
Фото: Kazakhmys Holding

Ғалымдар мен тәжірбиелі практиктер ЖМЗ-ға берілетін кендер мен концентраттардағы көміртектің өсу фактісін растады. Коференция барысында халықаралық тәжірибенің мысалдары келтірілді және мәселелерді шешудің нұсқалары ұсынылды. Мысалы: флотация, гравитациялық бөлу, төмендету және агломерация.

Ғылыми-техникалық конференция бірнеше жылдан кейін алғаш рет өткізіліп отыр, алайда болашақта дәстүрлі іс-шараға айналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2030410-kazakhmys-smelting-metallurgteri-gylymi-texnikalyq-konferenciya-otkizdi/