Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2030720-toqaev-pakistan-prezidenti-arif-alvige-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/