Тоқаев Сингапур президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Сингапур президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.
"Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдағаны туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031761-toqaev-singapur-prezidenti-xalima-yakobqa-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/