Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоны құттықтады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.
Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032823-toqaev-indoneziya-prezidenti-dzoko-vidodony-quttyqtady/