Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қазақмыс»: «ГРЭС Топар» мен «Қазақмыс Энерджидің» жылыту маусымына дайын еместігі жайлы ақпарат жалған

Жарияланған күні:

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

«Қазақмыс Энерджи» мен «ГРЭС Топар» серіктестіктері 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайын еместігі жайлы БАҚ-та таралып жатқан ақпаратқа қатысты «Қазақмыс корпорациясының» баспасөз қызметі түсініктеме беріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

«Бірқатар БАҚ-та Жезқазған ЖЭО «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС және «ГРЭС Топар» ЖШС-нің алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындығы туралы анық емес ақпарат таралып жатыр.

Бүгінгі таңда Жезқазған ЖЭО-ны 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындау «KEGOK»-пен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі уақытта №11 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. №8 және №4 қазандық агрегаттары күрделі жөндеуден өткізілуде. №10 қазандық агрегаты ауыстырылып жатыр. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу компаниясы бекітілген кестеге сәйкес аяқталады», - делінген «Қазақмыс корпорациясы» хабарламасында.

Серіктестік ұсынған ақпаратқа сәйкес №6, 7, 8 турбоагрегаттарға ағымдағы жөндеу толықтай жүргізілген. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істеп тұр.

Ал Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 4,8 млрд теңге бөлінген. Қоймадағы көмір қоры 243267 тоннаны, мазут-1 600 тоннаны құрап отыр.

«Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60%-ды құрайды. 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады», - деп сендірді серіктестікте.

Сол арада «ГРЭС Топар» серіктестігі 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа қатысты ақпарат берді.

«Биыл №7 станция бірінші қазандығында күрделі жөндеу сәтті өтті, 11 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда екі қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тағы екеуіне – ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген «ГРЭС Топар» серіктестігі ұсынған ақпаратта.

«ГРЭС Топар» ЖШС негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 5,7 млрд теңге бөлінген.

«2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы сәтті өтуі үшін «ГРЭС Топар» ЖШС-де жұмыста 8 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегаттың болуы жеткілікті. Осылайша, жабдықты жөндеуге сүйене отырып, станцияның дайындығы 85% құрайды.

Өз кезегінде, БАҚ-та шыққан дәйексіз материал үшін жауаптылар біздің тарапымыздан түсініктемелер алу үшін «Қазақмыс» компаниясына жүгінбегенін атап өткіміз келеді.

«Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан диалог пен нәтижелі ынтымақтастық үшін ашық. Корпорацияның Еңбек және әлеуметтік қызметі туралы материалдарды ұсыну кезінде объективтілікті сақтау мақсатында компанияның баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз», - дейді серіктестік өкілдері.

Айта кетсек, «Қазақмыс» компаниялар тобы - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстанда мыс өндіруден көшбасшы. Компанияның құрамында геологиялық барлау кешені, он үш кеніш, төрт байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі және ОЭК бар. Компанияның негізгі активтері Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев және Қарағанды қалаларында орналасқан.

Бүгінгі таңда «Қазақмыс» тобы қызметкерлерінің жалпы саны 38 000-нан астам адамды құрайды, ұжымның 80%-ы өндірістік персонал болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032872-qazaqmys-gres-topar-men-qazaqmys-enerdzidin-zylytu-mausymyna-daiyn-emestigi-zaily-aqparat-zalgan/