Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kazakhmys Energy ЖШС бас директоры мен Ұлытау облысының әкімі Жезқазғанда бу-газ қондырғысын салуды көздейтін меморандумға қол қойды

Жарияланған күні:

Темірлан Өтегенов және Берік Әбдіғалиұлы
Фото: Kazakhmys Holding

Жезқазған қаласында Kazakhmys Energy ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған ЖЭО алаңында қуаты ≈ 100 МВт бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ Темірлан Өтегенов Sinohydro Қазақстандағы өкілі Ли Тенгпен және оңтүстік-шығыс және Орталық Азиядағы Sepco корпорациясының бас директоры Уанг Гуанжонгпен БГҚ салу және қондырғының жобалық құжаттамасын дайындау туралы шарттарға қол қойды.

Бұл жобаны іске асыру бойынша негізгі әріптес ҚХР Sinohydro Corporation Limited (power China концернінің құрамына кіретін) компаниясы болады. Жобаны іске асыру мерзімі-2023-2026 жылдар.

Айта кету керек, бұл ауқымды жоба жалпы өңірдің дамуына оң әсер етеді дер күтілуде. Мәселен, БГҚ объектілерін іске асыру және кейіннен пайдалану кезеңінде жаңа жұмыс орындары құрылады.

Темірлан Өтегенов және Берік Әбдіғалиұлы
Фото: Kazakhmys Holding

Пайдалану басталғаннан кейін қондырғы Жезқазған энергия торабының электр жүктемесінің тапшылығын 104 МВт-қа дейін қамтамасыз етеді, өз кезегінде бұл қосымша маневрлік қуат күшін қосуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жобаны енгізу облыс бюджетіне қосымша түсімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық инвесторларды тарту бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Сонымен қатар жаңа жобаны іске қосу қосымша қуатты өндіру кезінде табиғи газдың жанып кету себебінен экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсер етеді деп болжануда.

Темірлан Өтегенов және Берік Әбдіғалиұлы
Фото: Kazakhmys Holding

Жобаның жалпы құны шамамен 80 миллиард теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032974-kazakhmys-energy-zss-bas-direktory-men-ulytau-oblysynyn-akimi-zezqazgand-bu-gaz-qondyrgysyn-saludy-kozdeitin-memorandumga-qol-qoidy/