Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Дастан Рыспеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Дастан Адайұлы Рыспеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Primeminister.kz ақпаратынша, Рыспеков Дастан 1984 жылы Жезқазған қаласында туған.
Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
2007-2016 жылы Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2019 жылы — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы болған.
2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033090-turizm-industriyasy-komitetinin-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/