Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жастардың жұмыспен қамтылуы басты назарда

Жарияланған күні:

Жастар ноутбукта жұмыс істейді
Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін топ бар. Олар – жастар. Қазіргі күні елімізде тегін білім алу, мамандық игерумен қатар жұмысқа орналасу бойынша да мемлекет тарапынан қолдау қарастырылған. Тіпті біздің қолданыстағы көп көмектер басқа елдерде жоқ. Өңірлерде жастарды бос жұмыс орындарына орналастыру жүйелі ұйымдастырылған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі және еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы 2023 жылы 100 мың жасқа жұмыс беру» керектігін ерекше атап өткен болатын.

Президент пәрмені Қызылорда облысында да қолға алынған. Жыл соңына дейін жергілікті әкімдіктер мен оған қарасты құрылымдар 19 мыңнан аса жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Меже орындалса жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0 пайыздан 3,5 пайызға азаяды деп күтілуде. Бізде басқа өңірлермен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,1 пайызға төмен.

Айта кетейік, экономикада жұмыспен қамтылған 330,6 мың адамның 135,5 мыңы жастар. Бұл жалпы жұмысшылардың 41 пайызын құрайды. Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 20 пайызға көбею байқалады. Жұмысшы жастардың дені көтерме және бөлшек саудада. Бұл сала бойынша 29,1 мың жас бар, бұл – 21,5 пайыз. Білім беру ісінде 21,2 мың жас жұмыс істейді, 15.6 пайыз. Көлік және жинақтау кәсібінде 13,6 мың жас еңбек етеді. Өнеркәсіпте 12.5 мың, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 9,1 мың, құрылыста 11,5 мың, және ауыл шаруашылығында 8,5 мың жас жұмысшы бар.

Өткен жылы да өңірде жұмыспен қамту жүйелі ұйымдастырылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 21 913 жас атаулы бағыт бойынша қамтылды. Оның 5109-ы бос жұмыс орындарына орналастырылды. 166 жас әлеуметтік жұмысқа тартылды. 3130 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жұмысқа алынды. 2690 жас қоғамдық ақылы жұмысқа алынды. «Алғашы жұмыс орны» жобасына 215 жас, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 47 жас қатысты. «Бастау бизнес» жобасы аясындда кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына 8 727 жас қатысты. Оның 7854-і бизнес идеяларын сәтті қорғап, 1719-ы грант игері атанды, Грант қаржысының көлемі – 400 айлық есептік көрсеткішке тең. 42 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. 491 жас «Электронды еңбек биржасы» арқылы онлайн оқудан өтті. Биылғы нәтижеде көңіл көншітеді. Жыл басынан бері 12242 жастар әртүрлі шаралармен қамтылып, оның 7259-і жұмысқа орналастырылды.

Жұмыс орындары
Иллюстрациялық фото: pixabay.com

«2571 жасымыз еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарға, 4688 жұмысты жасты субсидияланған жұмыс орындарына жолданды, қалған 4674 әртүрлі оқу курстарынан өтті, кәсіпкерлік ісін ашуға 36 адам несие және 273-і мемлекеттік қайтарымсыз грант алды»,- дейді мамандар.

Жалпы, 7 ай ішінде жастар тәжірибесіне 1016 дам жолданып, жыл соңына дейін қосымша 2114 адам жұмысқа орналасады. Сонымен қатар биыл «Алғашқы жұмыс орынға» 138 жолданса, жыл соңына дейін 82 адам жұмысшы атанбақ. «Ұрпақтар келісім шартына» жобасына 14 адам қамтылып, қосымша 17 адамды жолдауды жоспарлануда. Атаулы жобалар көп жағдайда нәтижелі аяқталады. Яғни жоба уақыты аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орныме қамтылады. Мысал ретін келтірейік, байқоңырлық Ырысты Сырлыбайқызы «Алғашқы жұмыс орыны» жобасы бойынша Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары коледжіне жолданып, кейін тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту жұмысы бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өз тиімділігін көрсетіп келеді. Қаңтар айынан бері 38 мәрте жәрмеңке өткізілді. Онда сырбойылық жастар үшін 425 жұмыс беруші, 3454 бос жұмыс орынын ұсынды. Жәрмеңкеге қамтылған жастардың саны – 1933. Оның 386 жасы тұрақты, 149 жас уақытша жұмысқа алынды. 1164 кеңес алу қызетіне жүгінді. Жәрмеңкелерді дәстүрлі форматтан өзге онлайн өткізуге де нарық биімділіп келеді. Мәселен, тамыз айында tanda.enbek.kz платформасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Платформада 18 жұмыс берушіден 281 бос жұмыс орындары ұсынылып, 1102 аймақ тұрғыны қызығушылық танытып, оның 132 жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Келесі онлайн жәрмеңке қазан айының 1-ші онкүндігінде аталған порталда өткізілетін болады.

Президенттің аймақ басшыларына «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орынын құру» тапсырмасы шеңберінде Қызылорда облысында 6629 жұмыс орыны құрылса оның 4481 немесе 67,6 пайызы жастарды құрап отыр. Қазірде жоспарланған 3379 жұмыс орынға 1536 адам жұмысқа қабылданса, оның 371-і жастар. Бұл жалпы жұмысшылардың 24,1 пайызын құрайды. Сонымен қатар, кәсіптен нәсіп көремін деген жастар үшін жылдық өсімі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген шағын несие беру жұмыстары басталды. Қазір 264 жас кәсіпкер құны 1,2 млрд теңгеге бизнес жобаларына іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алды, оның ішінде 219 жас кәсіпкер қаржыландырылды. Кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Кәсібін ашамын деуші жастарымыздың тарапынан несие ресурстарына сұраныстың артуына байланысты, республикалық бюджеттен қосымша 200 адамға 1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта сенімді өкіл – Аграрлық несие корпорациясымен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау жұмыстары басталды. Айта кететін жайт, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесімен жыл соңына жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3,9 пайызға дейін төмендету - біздің негізгі міндеттердің бірі», - дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034434-qyzylorda-oblysynda-zastardyn-zumyspen-qamtyluy-basty-nazarda/