Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Табиғи монополия субъектілерінің бәріне көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи монополия субъектілеріне нарықтық тариф енгізуді ұсынды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлайды.

"Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет.

Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн.

Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады.

Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі.

Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034869-zauapkersilikti-arttyru-kerek-toqaev-monopolisterge-eskertu-zasady/