Тамара Дүйсенова премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп хабарлады "Ақорда" баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Тамара Дүйсенова 2022 жылдан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметі мен 2023 жылдан бері премьер-министрінің орынбасары қызметін қатар атқарып келеді.
Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылып, премьер-министрінің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034997-tamara-duisenova-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/