Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді
Жарияланған күні:
Қазақстан премьер-синистрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы еліміздің сыртқы ведомствосы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Әңгімелесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастардың жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылаған.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035049-qazaqstan-men-resei-syrtqy-ister-ministrleri-telefon-arqyly-soilesip-ekizaqty-is-saralar-kestesin-tekserdi/