Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Жамбыл облысына әкім болды
Жарияланған күні:
Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысын 2022 жылғы сәуірден биылғы жылдың қыркүйек айына дейін Нұржан Нұржігітов басқарды.
Ол таяуда жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы болып тағайындалды.
Ал Ербол Қарашөкеев 2021 жылғы 1 қыркүйектен 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035266-zambyl-oblysynyn-akimi-bolyperbol-qarasokeev-tagaiyndaldy/