Тоқаевтың шақыруымен Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға келе жатыр
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келген болатын.
Ресми сапар барысында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізгенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035518-toqaevtyn-saqyruymen-albaniya-prezidenti-bairam-begai-qazaqstanga-resmi-saparmen-keledi/