Айжан Шайназарова Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Айжан Шайназарова Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
"Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастаған.
1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
1999-2001 жылдары — Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да аға оқытушы.
2001-2004 жылдары — Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.
2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында — Ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.
2004-2021 жылдары Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
2021 жылғы ақпан-мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болған.
2021-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппаратын басқарған.
2022 жылдың қазан айынан осы тағайындауға дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035548-prezident-akimsiliginin-iski-sayasat-boliminin-mengerusisi-zane-prezidenttin-baspasoz-xatsysy-tagaiyndaldy/