Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланың арбасын жағып жіберген: Мәжіліс депутаты өзіне қоқан-лоққы жасалғанын мәлімдеді (фото)

Жарияланған күні:

Бақытжан Базарбек
Бақытжан Базарбек. Фото: mazhilis.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзіне белгісіз адамдардан қоқан-лоққы жасалғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің", - деп жазды депутат желідегі ресми парақшасында.

Баланың өртенген арбасы
Баланың өртенген арбасы. Фото: facebook/bbazarbek

Бұған қатысты көпшілік пікір қалдырып жатыр. Олардың арасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан да бар.

"Әріптесім Бақытжан Базарбекке шабуыл - барша депутаттарға шабуыл деп бағалау керек. Әділеттілік үшін күресіп жүрген азаматты бұлай үркітіп-қорқытып, тура жолынан тайдырғысы келетіндер - сыбайлас-жемқорлықты жақтаушылар", - деп жазды Әшімжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035746-balanyn-arbasyn-zagyp-zibergen-mazilis-deputaty-ozine-qoqan-loqqy-zasalganyn-malimdedi-foto/