Дархан Кәлетаев өзіне қатысты тараған қауесеттерге жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Дархан Кәлетаевтың Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болды. Алайда елшінің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып, әлі қызметінде екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Саясаттанушы Данат Жумин Facebook парақшасында Кәлетаевтың елшілік қызметінен кетуіне байланысты ұйымдастырылған іс-шараға шақырылғанын жазды.
"Киевке келгеннен кейін ең алдымен қайда бардым? Әрине, елшілікке. Сөйтсем, әдеттегідей уақытында келіппін – дәл осы күні Украинадағы елшіміз Дархан Кәлетаев дипломатиялық миссиясын аяқтаған екен. Яғни, ол енді елші емес. Осыған орай мені бір іс-шараға шақырған. Жолым болды", – деп жазды ол.
Алайда дипломаттың өзі қызметінен кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Мен қазір Киевтемін, жаңа ғана әуе дабылы тоқтады, қазір кофе ішейін деп отырмын.
Ол жерде процедуралар бар, Қазақстан Республикасының жаңа елшісін тағайындау туралы өтініш Украина Сыртқы істер министрлігіне келіп түсуі керек. (...) Алдымен украиналық тарап мақұлдауы керек, содан кейін ғана тағайындау болады", – дейді ол.
Дархан Кәлетаев жаңа елшіні тағайындау процедурасы қанша уақытқа созылады деген сұраққа нақты жауап бере алмады.
"Әр түрлі, мүмкін бір ай, бәлкім екі, тіпті жарты жыл болуы мүмкін. Бәрі де украиналық тарапқа байланысты. Елшіні тағайындау кезінде олар әуелі өтініш – агреман жібереді, екінші тарап келісім беруі керек.
Содан соң бұрынғы елшіні босату және жаңа елшіні тағайындау туралы жарлық шығады", – дейді Дархан Кәлетаев.
Дегенмен Кәлетаев бұл қызметті өзін нақты кім алмастыратынын айта алмайтынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып 2020 жылдың 22 ақпанында тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035868-darxan-kaletaev-ozine-qatysty-taragan-qauesetterge-zauap-berdi/