Шымкентте 2026 жылы 48 шақырымдық айналма жол жүргізіледі
Жарияланған күні:
Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.
Бұл туралы бүгін мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы М. Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды.
Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036221-symkentte-2026-zyly-48-saqyrymdyq-ainalma-zol-zurgiziledi/