СІМ Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Еліміздің Сыртқы істе министрлігі Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады. Мәлімдеме ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
"Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды.
Сондай-ақ барлық мәселені БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды", - делінген СІМ хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі 9 қыркүйекте Әзербайжан Арменияны территориясына оқ атты деп айыптады. Алайда Армения бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036319-sim-tauly-qarabaqtagy-zagdai-boiynsa-resmi-malimdeme-zasady/