Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандандырылған ХҚКО-да жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа әдісі ұсынылды

Жарияланған күні:

Көлік құралының нөмірін алу
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Мемлекеттік корпорация Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен кездесу өткізді. Мемлекеттік корпорация іс-шара барысында агенттік төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа мамандандырылған ХҚКОларын дамыту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша жоспарларын ұсынды. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаластық жасалды.

Кездесудің негізгі мақсаты құжаттарды қабылдау және теориялық емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру үшін құрылған жаңа ақпараттық жүйелермен танысу болды. Мәселен, ҚР ІІМ-нің қолдауымен жыл басында 2.0 ХҚКО ИАЖ жаңа жүйесі енгізілді. Жүйенің арқасында операторлардың кедендік баж және техникалық паспорттардағы мәліметтерді өңдеу мүмкіндігі жойылды. Бұл шара деректердің тазалығын сақтауға және сыбайлас жемқорлық факторларын азайтуға ықпал етеді. Жаңа жүйе арқылы көлік құралдарын тіркеу үшін 584 мыңнан астам, ал жүргізуші куәліктерін алуға 300 мыңға жуық өтінім қабылданды. Айта кетейік, 2.0 ХҚКО ИАЖ еліміз бойынша 20 өңірде және 86 бөлімде жұмыс істейді.

Сонымен қатар жүргізуші куәлігін беру бойынша жаңа нормативтер ұсынылды. Мәселен, Мемлекеттік корпорация Жол жүру ережелерін тестілеудің 3.0 жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Бұл жүйе теориялық емтихан тапсыру процесін заңнамадағы жаңа түзетулерге сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жүйеде прокторинг, яғни емтихан тапсыруды онлайн бақылау процедурасы қарастырылған. Қазіргі уақытта ЖҚЕ 3.0 пилоттық жобасы Ақмола облысында іске қосылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл жобаның ауқымын кеңейту жоспарлануда.

"Біз мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болдырмау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Еліміздің барлық өңірлерінде емтихан сыныптарында бейнебақылау камералары орнатылған. Күту залдарында емтихан процессін көріп отыруға болады. Мәселен, кез-келген азамат тест тапсырудың қалай өтіп жатқанын бақылап отыра алады", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар іс-шараларды жалғастырады. Қазір еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында алаяқтық әрекеттермен күресудің жаңа әдістерін іске асыру қарастырылып жатыр. Тәжірибелік емтихан тапсыруды бақылау үшін "Computer Vision" технологиясын қолдана отырып, жаңа жүйе енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жүйе емтихан тапсыру кезіндегі ашықтықты арттыра отырып, емтихан тапсыру барысын жеделдететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036550-mamandandyrylgan-xqko-da-zemqorlyqqa-qarsy-kurestin-zana-adisi-usynyldy/