Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 50 пайыздан асты

Жарияланған күні:

бойжеткен
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласында кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары өткен жылғымен салыстырғанда 42,4 пайызға артып, 129,6 мыңға жетіп отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 129 600-ге жеткен. Оның ішінде 20 800-і заңды тұлғалар болса, 102 900-і жеке тұлғалар екен. Ал қалған 5 800-і – шаруа қожалықтары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42,4 пайызға артқан.

бойжеткен
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

"Жақында қаламызға келген жұмыс сапары кезінде үкімет басшысы Әлихан Смайылов "Шымкент – шағын және орта кәсіпкерліктің орталығы" деп атап өтті. Шындығында қалада кәсіпкерлердің саны ғана емес, бұл секторда жұмыс істейтін адамдар мен олар өндірген өнімнің көлемі де артып келеді. Атап айтар болсақ, 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында шағын және орта бизнес секторында 213 мың 700 адам жұмыспен қамтылған.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,8 пайызға артып отыр. Ал осы секторда өндірілген өнім көлеміне тоқталар болсақ, 2023 жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім мен көрсеткен қызметтердің жиынтық құны 517 миллиард 800 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш те 2022 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 36,9 пайызға жоғары болып отыр", – дейді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Мұрат Салимов.

ер адам
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Ата кетейік, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында шағын және орта кәсіпкерлік секторының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3 пайызды құраған.

қызметкерлер
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

қызметкерлер
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036645-symkentte-sagyn-zane-orta-biznestin-ekonomikadagy-ulesi-50-paiyzdan-asty/