Тоқаев жаңа қызметке тағайындалған Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент кеңесшісі, президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Кездесу барысында мемлекет басшысы арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Сондай-ақ президент шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037607-toqaev-zana-qyzmetke-tagaiyndalgan-zulfiya-suleimenovany-qabyldady/