Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келісімге қол қойылды": енді қазақстандықтар Сейшел аралдарына визасыз бара алады

Жарияланған күні:

Сильвестр Радегон және Мұрат Нұртілеу
Сильвестр Радегон және Мұрат Нұртілеу. Фото: ҚР СІМ ресми сайты

Қазақстан мен Сейшел аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізген.

Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өткен. Ол екіжақты негізде және көпжақты бірлестіктер шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын салаларда қазақ-сейшел ынтымақтастығын дамытуға бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растаған.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан үкіметі мен Сейшел үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойған. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрлері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді.

Аталған келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037856-kelisimge-qol-qoiyldy-endi-qazaqstandyqtar-seisel-araldaryna-vizasyz-bara-alady/